Ауғанстанның солтүстігіндегі провинцияларда тәліптердің шабуылы күшейіп, ахуал нашарлады. Осыған байланысты Тәжікстан Қорғаныс министрлігі Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін 20 мың әскер орналастырды.
20 жылдан бері Ауғанстанда террористерге қарсы күресіп келген АҚШ бастаған коалициялық күштер мамыр айынан бастап әскерлерін шығарып жатыр. Құрама Штаттар билігі 11 қыркүйекке дейін әскерін Ауғанстаннан толық шығаратынын жариялаған.
5 шілде Тәжікстан өз шекарасын 1500-ден астам ауған әскері кесіп өткенін хабарлады. Олар тәліптермен қақтығыс кезінде шегініп, тәжік аумағына қарай өтуге мәжбүр болған. Ал қарулы топтар Тәжікстанмен шекаралас 6 уезді толық бақылауына алған.
1 шілде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Өзбекстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерімен кездесіп, ауған тақырыбын талқылады. Осылайша, АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан тұста Уашингтон Орталық Азиядан стратегиялық әріптес іздеуге көшті.