Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Физули және Зангилан провинцияларына көмілген миналардың картасын алу үшін қолға түскен 15 Армения азаматын қайтарып бергенін мәлімдеді.
Әзірбайжан СІМ тарабының мәліметінде, бір кездері Армения басып алған Физули мен Зангилан жерлеріне жалпы саны 92 мыңнан астам мина көмілген. Бұл миналар негізінен танкке және әскери көліктерге қарсы бағытталған. Осы минналарды көрсететін карталарды алу үшін Әзірбайжан тарабы 15 армян азаматын еліне қайтарған.
Бұл айырбасқа тағы да Ресейдің ара ағайындық еткен. Ресми мәлімдемеде армян азаматтарының еліне қайтарылу процесіне Ресей тарабы бақылаушылық еткені айтылған.
Айта кету керек, Таулы Қарабақ үшін соғыстан кейін Әзірбайжан тарабы Агдам қаласына көмілген 97 мыңнан астам миналардың картасын алу үшін де Арменияға 15 адамды қайтарып берген еді.