Татарстан үкіметі аптап ыстыққа байланысты 38 муниципалды ауданда төтенше жағдай енгізді.
Татарстан президенті Рустам Минниханов: «Аптап ыстық пен жаңбырдың аздығы егінінің шығуына және оны жинауға қолайсыз жағдай туғызып отыр. Осы мәселені талқылау керек және ыстық ауа райының жағымсыз салдарын еңсеру, республиканың азық-түлік жеткіліктілігін сақтау бойынша шараларды қалыптастыру қажет», – деді.
Сонымен қатар жиында егістігін сақтандырып қойған шаруашылықтар қауіпті құбылыстардың өсімдіктердің дамуына әсер етуін тіркеп отыру үшін уақытылы сақтандыру компаниясына жолығуы керектігін ескертті.
Республикада барлығы 43 муниципалды аудан мен екі қалалық округ (Қазан және Набережные Челны) бар. 34 муниципалды ауданда аңызақ, 18 муниципалды ауданда топырақ қуаңшылығы, Муслюмов және Сарманов аудандарында атмосфералық құрғақшылық тіркелген. Сол себепті төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін.