Орталық Азияда жыл сайын өтетін AdAsia алтыншы «Креативтілік пен шеберлік рейтингісінің» қорытындысы шығарылды. Cheil Kazakhstan аймақтағы жылдың ең үздік агенті болып танылды.
Дəстүр бойынша рейтингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркменістан жəне Əзірбайджанның үздік агенттіктері қатысады. Жеңімпаздарды анықтау барысында аймақтық агенттіктердің 2016 жылы халықаралық жарнама фестивальдарындағы нəтижелері ескеріліп, жарнама агенттіктері, брендинг жəне дизайн-бюро, digital мен SMM-агенттіктері, сондай-ақ
продакшн-студиялары жұмыстарының креативтілігі, сапасы жəне шеберліктері бағаланды.
Cheil Kazakhstan халықаралық фестивальдарында ұсынған үздік жұмыстары үшін алған беделді марапаттарының арқасында 355 ұпай жинады: Epica, White Square, КМФР, Идея, Red Jolbors. Бұл нəтиже чейліктерге өз қарсыластарынан едəуір ілгері болуына септігін тигізді. Өткен жылы олар небəрі 7 орында болса, осы жылы бірінші атанды.
Екінші орынды КМФР, AdStars, AdBlackSea, Red Jolborsтан алған марапаттары үшін 98 ұпаймен қазақстандық GForce/Grey желілік агенттігі иемденді.
Үшінші орын қырғызстандық Red Jolbors байқауында жеңісі үшін 68 ұпай жинаған FCB Almaty агенттігіне бұйырды.
AdAsia мəліметі бойынша, бұл жылы аймақтан тысқары өтіп жатқан халықаралық жарнама фестивалінде тек төрт агенттік жеңіске қол жеткізді – Cheil Kazakhstan, GForce/Grey, Green Penguin Media (барлығы қазақстандық) жəне USSO design (Өзбекстан). 2015 жылы орын алған агенттіктер саны 9 болатын. Қалған агенттіктер рейтингке Red Jolbors аймақтық фестивалінде алған жеңістері арқасында іліккен болатын (Қырғызстан).
Ағымдағы жылдың ондығында ( ТОП-10 ) Қазақстанның 7 агенттігі, Қырғызстанның 4 агенттігі жəне Өзбекстанның 2 агенттігі орын тапты. Қырғыздық агенттіктер қазақстандықтарды аяқтан шалмақ болғанымен, соңғылары рейтингте үштіктер орнын (ТОП-3) ешкімге босата қоймас.
“The Qazaq Times”