Алматыда бір адамнан коронавирустың "үндістандық штамы" анықталды. Бұл туралы 23 маусым күнгі брифинг кезінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
"Алматыда бір адамнан анықталды. Біз онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығын есепке алдық. Ол – үй шаруасындағы әйел, үнемі үйде отырған. Күйеуі ары-бері көп жүретін мамандық иесі, бірақ ол ақпан айында ауырып шыққан" деді Бекшин сәрсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша, нәтижесі оң шыққан ПТР-тестерді тексеріп шыққан кезде 89 пайызынан вирус мутациясы анықталған.
"12-19 маусым аралығында мутацияланған штамдардың айналымын анықтау үшін ПТР-диагностика жүргіздік. 53 зерттеудің 44-інен - британдық штамм, екеуінен – оңтүстікафрикалық, біреуінен нью-йорктік штамм анықталды. Қалған 11 пайызында вирус мутациясы анықталмады" деді Бекшин.
Бұған дейін ел астанасында да коронавирустың "үндістандық шатаммы" анықталған. Соған байланысты елордада карантинді күшейту туралы шешім қабылданды. Ведомствоаралық комиссия елде қызмет көрсету саласында істейтін компаниялар мен ірі мекеме қызметкерлеріне вакцина міндеттеу туралы ұсыныс айтты.
Коронавирустың үндістандық штамы – SARS-CoV-2 вирусының төртінші нұсқасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ғаламдық деңгейде алаңдаушылық тудыратын штамдар тізіміне енгізген. Бұл тізімге вирустың тез жұғатын, ауруды асқындырып жіберетін және вакцина мен дәрі-дәрмекке бой бермейтін түрлері енген. Үндістандық штамм 70-тен астам елде анықталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді