Ел астанасында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында елдің бас санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша бірнеше шара қабылдау ұсынылды.
Олар төмендегідей:
-
COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);
-
КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
-
«Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
-
«Ashyq» жобасына сауда, ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.