Қазақстан биыл президенттік ел басқарудан парламенттікке ауысып жатқаны белгілі. Ал Түркия керсінше референдум өткізудің нәтижесінде парламенттік биліктен, президенттікке ауысып жатыр. Осыған байланысты бүгін екі ел басшыларының соңғы жасаған саяси шешімдеріне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
Қазақстанды 26 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 76 жасқа келген шағында Қазақстанды президенттіктен, парламенттік басқару жүйесіне ауыстыруға байланысты ел Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Ал, пайғамбар жасына келген Түркия президенті Реджеп Тайп Ердоған болса, керсінше өз билігін күшейтіп, елді парламенттіктен президенттік басқару формасына көшіріп жатыр.
Ердоған елге өлім жазасын енгіземін деп Еуроодақ заңнамаларына қарсы шығып, Батыстан алшақтап жатса, Назарбаев латын жазуына көшеміз деп Батысқа жақын екендігін байқатуда. Ердоған 2023 жылға дейін өз билігін күшейтіп, Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойында ел президенті ретінде тарихта қалуды көздесе, Н.Назарбаев өзінен кейін билікті кімге қалдырып кетуді ойластырып жатқан тәрізді.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда Ақордадағы саяси жүйе тұрақты болғанымен Қазақстан өтпелі кезеңде тұрғаны белгілі. Назарбаевтан кейін кім билік тізгінін ұстайтыны әзірге беймәлім. Ал, Түркия сол бір адамдық тұрақты саяси жүйеге қадам басып отыр. Түркияда қазірдің өзінде Ердоғанға қарсы тұра алатын қандай да бір саяси партия немесе тұлға жоқ. Бірақ, елдегі әлсіз болса да бір қатар оппзициялық партиялар, Ердоғанның бұл абсолюттік ел басқаруы авторитаризмге алып келуі мүмкін деп алаңдаушылық танытып жатқанын айта кеткен жөн.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер