Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде өткен тәулікте 1068 адамнан коронавирус табылған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен шамамен 350-ге көп. 14 маусымда 757 адам Covid-ке шалдыққан.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте астанада – 294, Қарағанды облысында – 160, Алматыда 112 науқас тіркелді. Қалған қалалар мен облыстарда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Ел астанасы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" қалып отыр. Сейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өткен аптамен салыстырғанда астанада науқастар 7 пайызға көбейді деп мәлімдеген. Қалған қалалар мен облыстар "сары" және "жасыл аймақта".
2020 жылдың наурыз айынан бері елде 404 064 адамның коронавирус тесті оң шыққан.
14 маусымда тағы 60 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген. 2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 56 276 адам "пневмониямен" ауырған.
Індет басталғалы бері 4195 адам (14 маусымда 15 адам қайтыс болған) коронавирустан қайтыс болған. Тағы 3416 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады. Одан бөлек, індет басталғалы бері шамамен 2 мың адам коронавирустың "жанама әсерінен" қайтыс болған. Қазақстанда мұндай адам өлімі көрсеткіші Covid статистикасына енгізілмейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді