Қазақстанда пандемия басталғалы бері ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 28 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенген Vlast.kz сайты хабарлады.
"11 маусым күнгі ақпарат бойынша, тергеу бөлімінің өндірісінде жалған ПТР-анықтама, вакцина паспортын жасату мен пайдалануға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде жалған құжат, штамп, мөр, бланк жасау, дайындау, айналымға енгізу бойынша 10 іс бар" делінген ІІМ мәліметінде.
Ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылы 6 іс қозғалған, биыл 24 іс ашылған. Екі іс сотқа жіберілген, 12-сі тоқтаған, 16 іс өндірісте жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті