Ауғанстаннан шегініп жатқан Британияның қарулы күштері өздеріне қызмет еткен ауғанстандықтарды алып кетпек. Британ қарулы күштері мен үкіметіне қызмет еткен 3 мыңға жуық ауған азаматын ықшам және жедел түрде көшіріп алу планы жарияланды. Қазірге 1300 адамның мәселесі қаралып шешім тапқаны белгілі болды.

Британияға қызмет еткен ауғанстандықтар британдық қарулы күштер елден шегініп кеткеннен кейін тәліптердің немесе елдегі өзге террорлық топтардың шабуыл қаупінде қалуы мүмкін деген алаңдаушылық осы шешімге себеп болған. қорғаныс министрі Бен Уоллес бұл шешімді тез арада орындау «бірден бір дұрыс шешім» екенін айтқан.

Бұған дейін қарулы күшпен бірге көшіріп әкетуге лайық делінген ауғанстандықтарды қатаң талаптармен таңдап алынған. Онда Британия қарулы күштеріне немесе үкіметіне қызмет еткен уақытына, тәжірибесіне немесе өзге де шарттарға лайық таңдалатын. Алайда, шетелдік қарулы күштердің шегініп кетуі оларға қызмет еткен кез-келген ауғанстандық үшін қауіптің басталуымен бірдей болғандықтан, Британ билігі жаңа саясат жариялап, 3000-ға жуық ауғанстандықты өздерімен бірге алып кету шешімін шығарды.

Шын мәнісінде, Ауғанстанда соңғы 20 жылда шетелдік үкімет пен әскерге аудармашы немесе жол бастаушы, өзге де қызметкер болған жергілікті адамдарға әрдайым қауіп төніп келді. Британия үкіметі өздеріне қызмет еткен ауғанстандықтарды қауіп ортасына қалдырып кетпеу елдің соңғы «моральдік міндеті» деген қорытындыға келген.

“The Qazaq Times”