Тыныштық келісіміне келген Әзірбайжан мен Армения қайтадан тіресуде. Баку тарабы Арменияны айыптап мина қойып жатан жерінен 6 армян әскерін тұтқындағанын алға тартты. Бірақ, Ереван тарабы әскерлерін ақтап, өз шекарасы маңында барлау жұмыстарын жүргізіп жатан деп мәлімдеді.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі таратқан хабарда, "27 мамыр таңғы сағат 03:00 шамасында Арменияның қарулы күштерінінің диверсиялық барлау тобы шекараны бұзып өткпек болды. 6 армян әскері әзірбайжандық әскери тұрақтарға баратын жолға мина қоюға әрекет етті" делінген. Мәліметке қарағанда бұл оқиға Келбажар өңірінде болған және Әзірбайжан әсерлері жағынан қоршауға алынып, тұтқындалған.
Бұдан кейін жасалған Армения Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде 6 әскер өздеріне қарасты аумақта инженерлік барлау істерімен айналысып жүрген жерінен Әзірбайжан тарабынан тұтқындалғаны айтылды.
Бірақ, көп өтпей Армения премьер-министрінің қызметін атқарушы Никол Пашинян әскерлердің мина қойып жатқанын растады, бірақ диверсия туралы айыптауларды жоққа шығарды.
Осыдан кейін екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің "қайым айтысы" басталы. Әзірбайжан алты әскердің шекараны кесіп өту әрекетімен Армения былтырғы үштарпты тыныштық келісімін бұзды деп айыптады.