Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елде 1558 адамнан корнавирус табылды. Екі күн бұрын 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 24 адам қайтыс болған: 23 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматыда – 348, Қарағанды облысында – 348, Нұр-Сұлтанда – 174, Ақмола облысында – 133, Алматы облысында – 106, Павлодар облысында – 75, Батыс Қазақстан облысында 68 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 27, Ақтөбе облысында – 20, Атырау облысында – 36, Шығыс Қазақстан облысында – 73, Жамбыл облысында – 18, Қостанай облысында – 40, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 45, Түркістан облысында 18 науқас тіркелген.
2020 жылдың 13 наурызынан бері 376 572 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3828-і қайтыс болған.
Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі – коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 716 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3345-і қайтыс болған.
25 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 15 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 949 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.