Жексенбі күні Ауғанстан билігі арнайы мәлімдеме таратып, АҚШ бастаған шетел күштері елден шығып жатқан тұтса ұлттық қауіпсіздік күштері мен "Талибан" ұйымы ортасында күшті қарулы тірес болып жатқанын жеткізді. Мәліметте айтылуынша, үкіметке қарасты күштер елдің шығыс провинцияларының орталықтарын тәліптерден қорғау үшін шайқасып жатыр.
Үкімет мәлімдемесінен сәл ғана бұрын "Талибан" қарулы топтары Ауғанстан шығысындағы Лағман провинциясындағы маңызды қорғаныс бекеттерін басып алып, провинция орталығы Мехталамға жақындаған. Бұған дейін олар аталған провинциядағы стратегиялық маңызды орындарды басып алып, Мехталамға шабуыл жасауға мүмкіндік ашқын болатын.
АҚШ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні кешке Ауғанстан армиясының бас қолбасшысы Мұхаммед Ясин Зия басқа қауіпсіздік органдарының жоғары лауазымды адамдарымен бірге Лағманға келіп, Талибанға қарсы операцияны басқарғанын растады.
Жергілікті ақпарат көздерінің таратқан мәліметіне сәйкес, Мехтарамның қаласының кейбір аумақтарын да, әсіресе ондағы түрмеге жақын жерлерде тәліптер мен қауіпсіздік күштері арасында сұрапыл шайқастар болған. Бұған қарап тәліптер провинциядағы ең үлкен түрмені басып алуды көздеген болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Алайда, өлім-жітім және өзге де шығындар туралы толық мәлімет жоқ.
Ауғанстандық БАҚ-та солтүстік Бағлан провинциясы мен оның орталығы Пулкумридің айналасындағы аудандарда қиян-кескі шайқастар жүріп жатқанын айтылып жатыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді