Калифорния штатында АҚШ президентінің жақтастары мен қарсыластары шеруге шықты. Шеру осы екі бәсекелес топтың қақтығысына ұласты деп хабарлайды "Фарс" баспасөзі.
Калифорния штатының Беркли қаласындағы АҚШ президентінің жақтастары мен қарсыластарының шерулерінде, Дональд Трампты қолдаушылар сөз бостандығы туралы баяндама жасап, қарсыластар президентке қарсы ұрандар айтты
Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Берклиде АҚШ президентінің жақтастары мен қарсыластары арасындағы қақтығыста екі адам, соның ішінде бір полиция қызметкері зардап шекті.

Калифорния штатының Беркли қаласындағы АҚШ президентінің жақтастары мен қарсыластарының шерулері 15 сәуірде салық декларациясы уақытымен бір мезгілде өтті.

АҚШ президентіне наразы мыңдаған адам сенбі күні ереуілге шығып, Трамптан салық туралы мәлімет жариялауды талап етті.

“The Qazaq Times”