Қарағандыда Сәтбаев қаласында болған төбелеске қатысты сот үкімі оқылып, 55 айыпталушының тоғызы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
44 адам 4 жыл шартты жаза алып, екі адам 1,5 жылға шартты түрде сотталған. Бұған дейін прокурорлар айыпталушылардың кінәсін мойындағанын, олармен процессуалды келісім жасалғанын хабарлаған. Сот прокурор сұраған жазаны берді. Аталған іс бойынша тағы екі айыпталушыға іздеу жарияланған. Олардың ісі бөлек тергеліп жатыр.
Былтыр 23 шілде кешкісін Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында бес жастағы қыз бала жоғалып, полиция мен еріктілер жұмыла іздеген. Түн ауа жұмаға қараған сағаттарда қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен иісшіл иттің көмегімен бүлдіршін егде жастағы ер адамның пәтерінен табылғаны туралы ақпарат тараған. Сәтпаевтықтар бірнеше сағат бойы күдіктіні «жалпыхалықтық сот ретінде көпшілік алдында жауапқа тартуға тырысып», өз бетінше жазалауға талпынған.
Нәрестеге зорлық көрсетті деп ызаланған жұрт қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиакпаров, қала әкімі Асқар Ыдырысов және жергілікті имамның да сөзіне құлақ аспаған. Осы себепті алға тартқан ашулы ел (әлеуметтік желілерде тараған видеодан топтың қатары қалың екенін аңғару қиын емес – ред.) күдікті жеткізілген полиция бөлімшесіне бет алып, онда таяқ-тас лақтырған, күштік құрылымның көлігін өртеген. Сондықтан Ұлттық гвардияның арнайы әскері, темірқұрсау жасағы жұмылдырылған.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?