Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты үкімін жариялайды. 2007 жылдан 2012 жылға дейін Франция президенті болған саясаткерге сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылды.
Ұлттық қаржы прокуратурасы былтыр желтоқсанда Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті (олардың екеуі шартты түрде). Прокуратура өзінің бұрынғы адвокаты Тьерри Эрзог пен Конституциялық соттың бұрынғы судьясы Гилберт Азиберге де осындай жаза қолдануды талап етіп отыр.
65 жастағы саясаткер өзіне қарсы тергеу туралы мәліметтер алу үшін адвокаты арқылы бір прокурорды сатып алуға тырысқан. 2013 жылы сот оны осы іс бойынша ақтап шығарған. Бірақ басқа істі тексеру кезінде оның адвокатпен әңгімесі жазылып, экс-президентке қарсы жаңа айғақтар пайда болған. Егер Саркозидің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 1 миллион еуро айыппұл төлеуі мүмкін.
2017 жылы да Николя Саркозидің басы дауға қалған. Сол жылы Саркози «FIFA жемқорлық дауының белді қатысушыларының бірі» деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, ол 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу мәртебесін Катарға жеңіп алуға көмектескені үшін бірнеше заңсыз қаржы операцияларын жасаған. FIFA жемқорлық дауын тексеруші топтың зерттеулері бойынша, Николя Саркози Катарға ПСЖ (Пари Сен-Жермен) футбол клубын, Qatari Diar инвестициялық компаниясына франциялық коммуналды қызмет түрлерін көрсететін компанияны сатқан. Бұдан бөлек FIFA басшылығы бұған дейін де Францияның экс-президентін жемқорлыққа бару арқылы Катарға 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңуге көмектесті деп айыптаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді