Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік инженерлері Тәжікстанмен шекарада орналасқан учаскелерде жұмыс бастап, жарылмаған снарядтарды залалсыздандырды.

Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі: «Баткен ауданының Орто-Боз жерінде Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұрын жарылмаған снарядтарды залалсыздандыру үшін саперлер тобы жұмыс істейді. Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай тұрақты. Өткен түнде оқыс оқиғалар мен атыс тіркелмеген. Баткен облысында орналасқан ҰҚКҰ Шекара қызметінің бөлімдері күшейтілген режимде қызметін жалғастыруда», – деді.

28 сәуірде Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас Көк-Таш ауылы маңында су тарату пункті аумағында қырғыз және тәжік азаматтары жанжалдасып қалған. 29 сәуірде шекарадағы жағдай ушығып, екі елдің әскери қызметкерлері арасында атыс болған. Сол күні кешке тараптар атысты тоқтатуға келіскенмен, атыс жекелеген жерлерде 1 мамырға дейін жалғасты. Бішкекте тәжік әскерилері ққатығыс кезінде пулемет, миномет және Ми-24 әскери тікұшақтарын қолданған.

Ресми мәліметтер бойынша, Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан Қырғызстанның 36 тұрғыны қаза тауып, 150-ге жуық адам зардап шеккен. Қақтығыс кезінде республикада жүзден астам ғимарат, оның ішінде екі мектеп, үш шекара заставасы, балабақша, өрт сөндіру бөлімі, милиция бөлімшесінің ғимараты, сондай-ақ жүзден астам бір қабатты тұрғын үй өртенген. Қақтығыс аймағынан жалпы алғанда 33 мың бейбіт тұрғын эвакуацияланды.

Кеңес Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер шекара мәселесін шеше алмай келеді. Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы аумақтың даулы тұстары көп. Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы шамамен 980 км. Қазірге дейін 580 километріне байланысты делимитация және демаркация жұмыстары жүргізілген.

2019 жылы қырғыз-тәжік шекарасында кемінде он жанжал болған. Төрт жағдайда адам өлген. Қыркүйек айында болған қақтығыстан бірнеше адам қаза тапты.

"The Qazaq Times"