Полиция Алматы қаласында Орталық демалыс және мәдениет саябағының алдында бірнеше белсендіні автозакқа салып әкетті*.
Парктің бас қақпасына кіреберіс тұста сағат 13.00 шамасында 4-5 әйел «Саяси тұтқындарға бостандық!», «Еуропарламент қарары орындалсын!», «Қымбатшылық тоқтасын!», «Қытай экспансиясына қарсымын», «Қытайдың 55 зауыты салынбасын» деп ұрандасты. Наразының бірі «Бағаның өсуі Назарбаевтың кінәсі» деген жазуы бар плакатты ашып үлгерді. Олар пікірін айта берген бойда айналаны торуылдап жүрген полиция қызметкерлері сөйлеуге мұрша берместен бірден автозакқа күштеп мінгізді.
Ұстау барысында азаматтық үлгіде киінген әрі маскамен бүркенген белгісіз оншақты ер адам журналистердің фото-видеокамераларын көлегейлеп, кәсіби қызметіне кедергі жасады. Полицейлерге әмір беріп жүрген Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбековке ұқсас «полковник» журналистердің уәжіне мойын бұрып қарамады, Қылмыстық кодекстің 158-бабы бойынша журналистің кәсібіне нақты кедергі жасалғанын көзге ілмеді. Құқық қорғау органдары өкілдерінің ешбірі тілшілердің ескертуіне қарамастан ешқандай шара қолданбады. Әдетте мұндай әдіс астана, Шымкентте және өңір орталықтарында жиі қолданылушы еді.
Полковник пен белсенділер. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Қолшатыр жайған «титушкалар» ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жағдайды таспалауға кедергі жасап бақты. 1 мамыр 2021 жыл. Орталық саябақ. Алматы қаласы. Фото: QT
Белгіленген аумақта күндізгі 11.00-ден бастап мобильді интернет өшірілді. Жібек жолы көшесінен орын тепкен Арбат маңында бір қосылып, бір өшіп тұрды. Кейбір жүргіншілердің емін-еркін жүріп-тұруына кедергі жасады. Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысынан саябақтың аузына дейінгі аралықта қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.
Наразылық акцияға қатысуға келген әйелдер. 1 мамыр 2021 жыл. Орталық саябақ. Алматы қаласы. Фото: QT
Бұған дейін Қазақстан астанасының соты «экстремистік», ал Еуропарламент «бейбіт» ұйым деп таныған қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов 1 мамыр күні ірі қалаларда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы жақтастарын бейбіт митингке шығуға шақырған. Бірақ Қазақстанның кейбір прокурорлары акция санкцияланбағанын және заңсыз екенін ескерткен.
Белсендінің кейбірі автозакқа күштеп кіргізілді. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
«Болмай қалған акцияға» келгендер саяси тұтқындарды бостатуды, Еуропарламенттің ақпан айында қабылдаған қарарын орындауды, «Қытай экспансиясын» және қымбатшылықты тоқтатуды талап етті. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
«Қошатырлылардың» бірі камераны жабуға тырысып тұр. 1 мамыр 2021 жыл. Орталық саябақ. Алматы қаласы. Фото: QT
«Қолшатыр» ұстағандар тілшілердің ақпарат құралына кедергі жасап жатқаны, мұның заңсыз екенін айтқанын елемей, алған бетінен қайтпады. Автозак жылжып кеткенше бөгеді. 1 мамыр 2021 жыл. Орталық саябақ. Алматы қаласы. Фото: QT
Ұстау кезін бүркеп-жасқауға тырысқан «қолшатырлылардың» тағы біреуі. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Журналист кәсіби қызметіне кедергі жасамауын талап еткенімен, «қолшатырлылар» бұған құлақ аспады. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Полковник «қаптаған қап-қара қолшатырды» көре тұра журналистердің құқығын қорғауға емес, көбіне акция қатысушыларын ұстауға көп мән берді. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Саябаққа таяу жерде тұратын кейбір азаматтар айналып өтуге мәжбүр болды. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Арбат төңірегі түгел қоршалған, аумақты полицейлер мен әкімдік қызметкерлері бақылады. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Гоголь көшесінің саябақ кіреберісіне дейінгі бойында кемінде 4-5 автозак болды. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
Әблязов «митинг өтеді» деп көрсеткен саябақ «дезинфекциялауға» жабылғаны хабарланған. 1 мамыр 2021 жыл. Алматы қаласы. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы