Кеше кеште Қытай Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап Корей түбегі шиеленісі бақылаудан шығып кеткенін ескертті. Осыдан бұрын Солтүстік Корея ең жоғары басшысы Ким Чен Ын өздерінің кез-келген уақытта ядролық сынақ жасай беретінін айтқан еді. Бұған қарсы АҚШ-тың ауыр әскери техникасы «Карл Винсон» авиаматкасы түбектің маңына келген еді.
Қытайдың сыртқы істер министрі Ваң И (Wang Yi) қазіргі түбек жағдайын: «АҚШ-Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея арасы өткір қайшылықта, Корей түбегі сілкініс үстінде, көп ұзамай сұрапыл соғыс дауылы тұрады», – деп бағалаған.
Қытай жағы барлық тарапты қайталай келісімге шақырып отыр. Түбекте соғыс туылса тарихи жауапкершілігі кім кімге болса да ауыр болатыны анық. Қазіргі қиын жағдайдың бірі әр тарап қарсы жағын тарихи жауапкершілігі ауыр соғыс ситуациясын тудыруға итермелеп отыр. Корей түбегінде соғыс білтесі бір рет тұтанар болса, оны өшірудің аса қиынға соғатыны бәріне де түсінікті.
Трамп үкіметі Солтүстік Кореяны ауыздықтау үшін Қытай мен Оңтүстік Кореяға қысым түсіріп отырғаны да белгілі. Әсіресе Бейжіңнен Солтүстік Корея туралы ресми шектеулерін бекітуді талап етіп отыр. Ресми Бейжің өзінің ұзақ жылдық саяси одақтасы Солтүстік Кореяға шектеу салмайын десе өзіне түсетін экономикалық санкциялардың қысымынан алаңдайды. Санкциялар мен түрлі қысымдар тұрақсыздықтарды және соғысты алып келсе, Солтүстік Корея үкіметінің құлауына да әкеліп соғуы бек мүмкін. Бір есептен алғанда, бұл – Корей түбегіндегі шиеленісті шешудің түпкі тиянағы.
Бүгін Солтүстік Кореяда елдің құрушысы Ким Ир Сеннің туғанына 105 жыл және «Күн мерекесі» тойлануда. Көптеген елдер осы күнді Сол.Кореяның алтыншы реткі ядролық сынағын жасайтын күні деп болжаған. Солтүстік Кореяның алтыншы реткі ядролық сынағы – Корей түбегіндегі соғыс білтесін тұтатушы. Ядролық қарумен тұтанған оттың сөнуі қиын.
Естай Божан
“The Qazaq Times”