Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі департаменті тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының 24 сәуірге белгіленген митингісіне байланысты ескерту жасады. Департамент қазір қаланың коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұрғанын алға тартып, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынғанын ескертті.
"Азамат Ж.Мамайдың митингіге шығу туралы шақыруына орай, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі департаменті қаланың коронавирус бойынша "қызыл аймақта" екенін, сол себепті қалада қоғамдық шара өткізуге тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай тыйым Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің 2 сәуірде шыққан N15 қаулысында айтылған" делінген СЭС хабарламасында.
Ал Жанболат Мамай бұл ескерту "жер үшін өтетін митингіні тоқтатуға себеп бола алмайды" деген ойда.
– Бекшиннің сөзі, СЭС-тің сөзі біздің митингіні тоқта алмайды. Қазақ жеріне қауіп төніп тұрғанда, үйде қарап жата алмаймыз. Қалай болғанда да ертең митингі міндетті түрде өтеді, – дейді тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Мамай Qazaq Times тілшісіне.
Оның сөзінше, митингі өткізу жайлы әкімдікке ескерту жасалған.
Бұған дейін Жанболат Мамай барша қазақстандықты жерді шетелдіктерге жалға бермеуді талап етіп, 24 сәуірде митингіге шығуға шақырған еді. Мамайдың айтуына қарағанда, митингіге шығуға себеп – мәжілісте мақұлданып, сенатта қаралып жатқан жер туралы заң жобасында орман шаруашылығымен айналысу үшін шетелдіктерге жер беруді көздейтін баптың болуы.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді