Былтыр жемқорлық күдігіне ілініп, үйқамақта отырған Қазақстанның экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты ұстау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ақпаратты оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады.
Адвокат сөзінше, экс-министрдің үй қамақтағы шектеулері жеңілдетілген.
"Астана тергеу сотының шешіміне сай, үйқамақтағы шектеулер жеңілдетілді, оған қоғамға және отбасына пайдалы болу үшін 8:00-ден 19:00-ге дейін үйден шығуға мүмкіндік берді. Алайда қалған шектеулер сол күйі қалды. Қорғаушылар оны үйқамақтан толығымен босату керек деп санайды. Сондай-ақ, сот күдіктің негізділігін тексерген жоқ, ал заң бойынша қамау мерзімі ұзарылған сайын тексеруге міндетті" деді Куряченко.
Адвокаттың айтуынша, Біртанов "Денсаулық сақтау министрлігінің платформасы істемейді, ал оған бөлінген қаражат жымқырылды" деген күдікке ілініп отыр.
"Алайда бұл күдіктің негізсіз екенін Қазақстанның әрбір азаматы eGov порталы арқылы өзінің денсаулық паспортына кіріп, дәлелдей алады. Қылмыстық іс басталғаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Тергеу бір жылға жуық уақыт бойы Денсаулық сақтау министрлігінің платформасы жұмыс істеп жатыр ма, жоқ па, соны анықтай алмады" деді экс-министрдің адвокаты.
Оның сөзінше, Біртанов өзін "негізсіз қудалап жатыр деп санайды және үйқамақта отыруы да заңсыз деп есептейді".
2017 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған 49 жастағы Елжан Біртанов былтыр маусымда коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей жатқан тұста қызметінен бостылған. Ал қараша айында ол ірі көлемде қаржы жымқыру күдігі бойынша ұсталды. Ол сол кезден бері үйқамақта отыр. 26 наурызда сот оның қамау мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді