"ҚазАвтожол" ұлттық компаниясының басшысы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты бүгін, 16 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды" деп жазды Уәли.
Бұған дейін, 9 сәуірде президент Тоқаев Twitter парақшасында елдегі жолдардың сапасыз екенін жазып, жолға бөлінген "мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр" деп жазған еді.
47 жасатғы Әліпов ҚазАвтоЖолды 2019 жылдан бері басқарды. Оған дейін ол осы компанияда және Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
Әліповтың орнына кім тағайындалғаны әлі белгісіз.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?