Осы жылдың қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде «Астана-Теміртау» күре жолында жол жүру ақысы енгізіледі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Бауыржан Серікбаев мәлімдемесінде: «Астана-Теміртау» күре жолын қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде енгізу жоспарланып отыр. Бір тоқсан ішінде сынақ режимінде жұмыс істейді, содан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның қарауына өтеді. Қазіргі кезде төлем төленетін терминалдар орнатылып, жабдықтар жеткізілді», - деп мәлімдеді.
Төрт жолақты жолдың ұзындығы 170 шақырымды құрайды. Транзиттік жеңіл автокөліктер үшін тариф 1 шақырымға - 1 теңге. Жолға жақын елді мекен тұрғындары үшін жеке тарифпен төленеді - жылдық құны 1000 теңге.
15 тоннадан асатын ауыр жүк көліктерінің тіркемелерімен, сондай-ақ жолаушылар автобустарының құны сынақ режимінен кейін анықталады.
Төлем әдістері: төлем нүктелерінде қолма-қол ақшамен төлеу; Qiwi терминалдары, касса 24; Интернет-төлем (payway.kz); банктік карточка; жеке шот (заңды тұлғалар үшін) секілді жолдармен жүзеге асырылады.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?