Кеше АҚШ Кремльдің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуіне және Қырым аннексиясына байланысты Ресейге санкция енгізіп, 10 дипломатын елден шығару туралы жарлыққа қол қойған. Енді бұған қарымта жауап ретінде Ресей де АҚШ дипломатиялық миссиясының 10 қызметкеріне осындай шара қолданбақ.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ елшісі Джон Салливанға Америка жаңа санкция салуды тоқтатуы керектігін, болмаса Ресей «батыл қадамға баруға» мәжбүр болатынын айтқан.
Ақ үй әкімшілігі енгізген шара бойынша 30-ға жуық заңды және жеке тұлғаларға шектеу шаралары енгізіліп, 10-ға жуық ресейліктер АҚШ-тан шығарылады. Санкция тзіміне енетіндер қатарында шенеуніктер мен барлау қызметкерлері бар. Сонымен қатар, Джо Байден америкалық қаржы ұйымдарына рубльмен ұсынылған бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салу туралы Жарлыққа қол қоюға ниетті. Тыйым маусымнан бастап күшіне енуі мүмкін.
АҚШ-тың Ресейге санкция енгізудің тағы бір себебі – SolarWinds төңірегіндегі дау. Осы жылдың қаңтарында АҚШ барлау қоғамдастығының өкілдері SolarWinds деп аталатын ауқымды кибершабуылдың артында Ресей билігі тұруы мүмкін деген қорытындыға келді. Кибершабуыл тоғыз федералды департаментке және жүзге жуық жеке компанияларға кері әсер кеткен. 18 мыңға жуық субъектке шабуыл жасалған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді