Қытай сыртқы істер министрі Ван И хабарлама жариялап, ресми Пекиннің Шығыс Иерусалимді астана еткен дербес Палестинаның құрылуын қуаттайтындығын мәлімдеді. Осыдан бұрын Палестинаның Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики ресми сапарлай келіп, Қытай Сыртқы істер министрімен кездескен болатын. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Қытай сыртқы істер министрі Ван И 1967 жылғы шекараның негізінде Шығыс Иерусалимді астана еткен тұтастықтағы бір Палестинаның құрылуын қуаттайтынын айта келіп: «Бейбітшілік келіссөздер мен екі жақты сенімге көлеңке түсіретін талпыныстарды тез арада жою керек. Жазықсыз адамдар нысанаға алынған заңсыздық пен жаңа тұрғын аймағы құрылыстары тез арада тоқтатылуы қажет», – деді. Сонымен бірге Израиль басқыншылығындағы Палестина жері мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің назарында қалпына келтірілуі керек екенін, бұның дүние бейбітшілігі үшін аса өзектілігін де атап өтті.
Қытайдың Палестина азаттығын қолдауы Израиль-Палестина арасындағы қақтығыстар мен саяси тірестер, сондай-ақ, Орта-Шығыс елдері үшін маңызды болып саналады. Қазіргі күнде Палестина азаттығын қуаттаушы елдер күннен-күнге көбейіп келеді. Осы туралы Иран «Палестинаны азат ету» қозғалысына басшылық етіп отыр.
Палестина жақ 1967 жылғы шекаралық келісім Палестин-Израиль арасындағы қақтығысты жоятын бірден бір шешім екенін алға тартуда. Бұл жолы Палестина сыртқы істер министрі әл-Малики Палестина азаттығы мәселесі жолында Қытайдың маңызды рөл атқаруын сұранды.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі