Ресейдің әскери әрекеттері төңірегін ғана емес, Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штаттарын да алаңдатуда. АҚШ тарабы Ресей әскери күштерінің Украина шекарасына жақын маңда белсенді әрекет етіп жатқанын нақты мәлімет ретінде алға тартып отыр және осы мәселе бойынша Мәскеудің түсініктеме беруін талап етті.

Бәріне белгілі, онсыз да АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы ең нашар күйде тұрған-ды. Ресейдің әскери белсенділігі екі ел арасын одан арман алыстатып әкетті.   Өткен аптада ғана АҚШ президенті Жозеф Байден Украина президенті Зеленскийге қоңырау шалғанда, Құрама Штаттардың қолдайтынын анық білдірген болатын.

Зеленскийге қолдау көрсетіп, Украина тұтастығын сақтауды қалайтын Құрама Штат ғана емес екенін көріп отырмыз. Байеннен кейін Британ бас уәзірі Борис Жонсон, одан кейін НАТО бас хатшысы Йнес Столтнберг те Зеленскиймен телефонда сөйлесті. Олар да Украина жағдайына алаңдаулы.

Мәскеудің мәлімдемесі белгілі, Ресей әскерінің Украина шекарасына жақын белсенді күйге түсуі көрші елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді дегенді теріске шығарып отыр. Бұл әрекетін Ресей тарабы қалыпты әскери жаттығулардың аясында екенін алға тартуда.

Көріп отырғанымыздай, Ресейдің әскери белсенділігі тек Украинаға жақын аумақта ғана болып жатқан жоқ. Бұл әскери әбігер күйге Орталық Азияда ұшырап отыр. НАТО мен АҚШ қолдауы күшейген Украина өзінің әскери стратегиясын жаңартып үлгерді. Яғни, енді Украина ұлттық қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер ретінде Ресейді ашық атайды. Бұған қоса Ресейдің бөлшектеуіне ұшыраған Донбас пен Луанскты, Қырымды қайтарып алуды ұлттық стратегия ретінде белгілеуге жол ашады. Осының бәрі Орталық Азия елдерге жаңа талғам жасайтын уақыттың келгендігін көрсеткендей.

“The Qazaq Times”