Жапон премьер-министірі Шинзо Абе (Синдзо Абэ) Жапония Солтүстік Кореяның сарин газы қолданылатын химиялық шабуылына ұшырауы мүмкін деп ескертті. Бұл Сүриядағы химиялық шабуыл жағдайын қайталауы мүмкін деп отыр.
Жапон премьерінің өкілі Жапония Солтүстік Кореяның химиялық шабуылына тап болуы мүмкін дегенді растады. Сарапшылар бұл мәлімдеме АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы ядролық сынақты қамтыған шиеленісті тағы бір сатыға жоғарлатады деп отыр. Химиялық қару қолдану Солтүстік Кореядан келетін тағы бір зор қауіп деп қаралады.
Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының ауқымы мен қуаты кеңінен танымал болса да, бұл елдің химиялық қарулар қуаты жайында қандай да бір ақпарат пен түсінік кемшіл. Солтүстік Корея Қорғаныс тарауларының мәліметіне қарағанда, оларда Сарин газын қамтыған мыңдаған тонна химиялық қаруы бар.
Шинзо Абе бейсенбі күні Жапон Конгресінің мәжілісінде, егер Солтүстік Корея Жапон аралдарына химиялық шабуыл жасайтын болса, онда Сүриядағы химиялық шабуыл ісі осында қайталанатынын. Сүриядағы шабуылдан кем дегенде 85 адам қаза болғанын айтты. Шинзо Абенің айтуынша С.Корея әзірге дейін химиялық қаруды тасымалдайтын зымырандарды жетілдіріп болған.
Қытай сыртқы істер министрі бейсенбі күні хабарлама жариялап: «Қару қолдану арқылы Солтүстік Корея мәселесін шешу мүмкін емес. Кімде кім Корей түбегі мәселесінің болашағын тап басып айта алмайды. Біз олардың тарихи жауапкершілігін өз мойнына беруіміз керек», – деген пікір білдірді.
“The Qazaq Times”