АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Донбаста және Қырымда жалғасып жатқан агрессиясы жағдайында Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтты.
Блинкен Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен Украина байланысын талқылаған. Бұған дейін Тhe New York Times басылымы Ресей Украинамен шекарасына шамамен 4000 әскер жібергенін жазды. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі бұл жөнінде ресми хабарлаған жоқ.
Блинкен Украинаның шығысындағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіріп, 26 наурызда Шума елді мекеніндегі атыс салдарынан төрт украин сарбазының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей қауіпсіздік жағдайын жүйелі түрде ушықтырып отырғанын айтты.
Наурыздың ортасында АҚШ сенаторлар тобы Украинамен қауіпсіздік саласындағы серіктестік туралы заң жобасын ұсынды. АҚШ Конгресі Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің қарауына енгізілген құжатта Киевке жылына 300 млн доллар әскери көмек және украин әскери офицерлерін даярлауға жылына 4 млн долларға (3,4 млн еуро) бөлу қарастырылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді