АҚШ-тың бұрынғы үкіметінде қызмет атқарған шенеуніктердің айтуынша, Солтүстік Корея ең бері болғанда 15 сәуір күні алтыншы реткі жаңа ядролық сынаққа дайындалып жатыр. Бұл Трампқа АҚШ-Қытай қарым-қатынасын ойдағыдай дамытуға итермелейтіні анық.
Трампның сәрсенбі күні танымал «The Wall Street Journal» басылымына берген сұхбатында, АҚШ-Қытай сауда қатынасын жақсарту үшін жаңа маршруттарды іске қосу жобасының бар екені айтқан. Бұл да Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның режимін шектеуге ықпал етеді деп отыр. Ең маңыздысы Трамп егер қытай Солтүстік Кореяны шектеуде АҚШ-ты қолдаса оған экономикалық зор тиімділіктерді жасайтынын қайта-қайта айтты.
Ақ үйдегі өзге шенділердің айтуынша, соңғы бірнеше күнде Солтүстік Корея солтүстік шығыс өңіріндегі Пуңгие-Ри (Punggye Ri) ядролық сынақ полигонында қарбаластық басталған. Бұл осы аптада халықаралық қауіпсіздікке саятын бір істің болғалы тұрғанын айғақтайды дейді АҚШ шенділері.
Трамп Солтүстік Кореяны ауыздықтау үшін Қытаймен ұзақ мерзімді стратегиялы шарт жасасуға үміткер. Ал, жақын күнде жасағалы отырған ядролық сынақ Трамптың осы ойына үлкен кедергі болғалы тұр. С.Кореяның ақпарат құралдары 15 сәуірдегі Ким Ир Сеннің туған күніне орай АҚШ пен өзге әлем елдеріне өздерін әйгілейтінін қайта-қайта айтып ескертуде. АҚШ жоғары лауазымды өкілдері бұл сигнал ядролық сынақтың немесе баллистикалық зымыранның ескертуі болуы мүмкін деп отыр.
Соңғы кезде спутниктен түсірілген суреттерге қарағанда, полигон маңында әскерилердің қарбалас қимылы анық байқалады. Солтүстік Корея осыған дейін бес рет жер асты ядролық сынақтарын жүргізді. Алғашқы сынақ 2006 жылдан басталған болатын.
Трамп «Ауғанстанға тасталған бомбаның Солтүстік Корея ескерту жасау үшін бе?» деген сұрақты терістеді. Ол: «Солтүстік Корея мәселесі өз алдына бөлек мәселе. Оны шешу де өте сақ болумыз керек», – деген. Десе де Трамп қатаң түрде, АҚШ үкіметі мен әскери күштердің осы апта соңындағы Солтүстік Кореяның қандай да бір арандатушылық әрекетіне пәрменді жауап беруге дайын екенін айтты.
АҚШ Қорғаныс департаментінің хабарлауынша АҚШ армиясы Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын жүзеге асырмай, зымыранға қарсы жүйемен ұстап алуға қаблетті. Мұндай зымыран ұстаушы оқтар Жапон теңізінен көтеріледі деген мәлімет берді.
“The Qazaq Times”