Үш күн бұрынғы Солтүстік Корея баллистикалық зымыраны Жапон кеңістігінен ұшып өткеннен кейін, Жапония Қорғаныс министрлігінің талаптары бойынша, жаңа зымыран қорғанысы технологиясына 1,6 миллиард АҚШ доллары жұмсалды. Бұл Солтүстік Кореяның су астында орналасқан зымырандарын жылдам табуға болатын радарды да өз ішіне қамтиды. Сондай-ақ, баллистикалық зымырандарға қарсы тұра алады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлап отыр.

Жапон қорғаныс министрлігі зымыран қорғаныс қорларына өтініш бойынша 2018 жылдың сәуір айына дейінгі жыл сайынғы бюджеттен шығарылатын болып жоспарланған. Бұл талап барлық радиолокациялық жүйелерді жетілдіруді қамтиды. Айталық, жаңа радиолокациялық жүйелерді дамыту және жоғары деңгейдегі күшті реактивті зымыран жолдарын тосуға қабілетті жүйені сатып алу болып табылады.

Қазіргі кезде Жапония үкіметін алаңдатып отырғаны – Жапонияда қолданыстағы зымырандық қорғаныс жүйесі Солтүстік Кореяға бірқатар зымырандарына тосқауыл жасауға қауқарсыз қалды. Жапон қорғаныс министрінің осы аптадағы мәліметінде, қолданыстағы кеме негізіндегі «Аегис» зымыран қорғаныс жүйесін және жер үстіндегі «Патриот» зымыран кешенін толықтыру үшін, Жапон үкіметі «Аегис»-тің жердегі қорғаныс жүйесіне инвестиция салуы керек делінген.

Жапон Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, бұл реткі бөлінген қаржы қорғаныс бюджетінің жалпы тізімінен тыс болып отыр. Жапония үкіметі сатып алуға үміткер болып отырған басқа да қорғаныс жүйелері де бар. Айталық, Оңтүстік Корея қолданғалы отырған «Сад» зымыран қорғаныс жүйесі. Бұл екеуін де Lockheed Martin Co. (LMT) әскери өнеркәсіп орынында өндірілген.

Бұл рет Жапония Қорғаныс министрлігі шығарған қаржы жалпы қорғаныс бюджетінің 2,5 пайызын ұстайды. Нақтылай айтқанда, 47,6 миллиард долларды құрайды. Бұл Жапонияның әскери салаға бөлінетін бюджетті 6 қатарынан арттырғаны болып саналады. Министрлер кабинеті желтоқсан айының соңғы шешімін қабылдап, бюджетті бұдан бір тиында кемітпейтін болған еді.

“The Qazaq Times”