АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі келесі аптада Ресейге санкция енгізуі мүмкін. Бұл туралы CNN хабарлады.
Осы аптада АҚШ Ұлттық барлау қызметі 2020 жылғы президенттік сайлауға Ресей мен Иранның араласпақ болғаны туралы баяндама жариялаған болатын. осыдан кейін Байден әкімшілігі екі елге санкция енгізу мәселесін көтерген.
Баяндамада Путин Джо Байденнің беделін түсіру туралы бұйрықа бергені жазылған. Сонымен қатар, авторлар: «2020 жылы бірде-бір шетелдік держава Ресейдің сияқты сайлауға әсер ету мақсатында кең ауқымды науқан жүргізуге тырыспады. Ал Ресей демократиялық партияның электрондық поштасына хакерлік шабуыл жасап, әлеуметтік желілерде фейк хабар таратты», – дейді.
Ресейдің 2020 жылы АҚШ-тағы сайлау кампаниясына араласқаны жайлы тұжырымдар 16 наурызда жарық көрген АҚШ ұлттық барлау қызметі жариялаған 15 беттік баяндамада айтылады. Құжатта Трамптың одақтастары Мәскеу мүддесіне сай әрекет етіп, ресейшіл қызметкерлердің Байденді сынауына атсалысқаны жазылған. Әзірге, Ресей тарапы бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
АҚШ барлау қызметі Ресейден бөлек, өзге де бірқатар елдердің сайлау қорытындысына ықпал етпек болғанын анықтаған. Атап айтқанда, Иран Трамп жақтастарының сенімсіздігін арттыруға тырысқан. Теһран АҚШ-ты Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығарып, Иранға жаңа санкция салғаны үшін Трамптан есе қайтармақшы болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді