Бүгін, 15 наурыз күні Әзірбайжан қорғаныс күштері ауқымды жаңа әскери оқу-жаттығу бастамақ. Таулы аймақтардағы әскери операцияларға арналған жаттығуға 10 мың қарулы күш қатысады.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің ресми парақшасында хабарлануынша, ауқымды әскери шараға 100-ге жуық танк пен саутты көліктер тартылған. Бұдан тыс зымыран және артиллериядан 200 түрі сыналмақ. Сондай-ақ, әуе күштерінен 30-дан астам әскери ұшақ пен тікұшақтар тартылған.
18 наурызға дейін жалғасатын жаттығуға Таулы Қарабақ соғысында негізгі рөл ойнаған ұшқышсыз ұшу құрылғылары да қатыстырылады. Қарулы күштерідің таулы аймақтағы қорғаныс қуатын жақсарту мақсатындағы әскери жаттығуды президент Илхам Әлиев арнайы бекіткен.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес