Жапония Үкіметі коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында шетелден келетін туристер санына шектеу енгізді. Енді күніне 2 мың адамдық лимит енгізіледі. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Кадзуеси Ақаба мәлімдеді.
Министр бұл шара ең алдымен Жапонияға коронавирустың жаңа штамдарының алдын алу үшін қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, Жапония авиакомпаниялары шет елдерден келетін лайнерлеріндегі жолаушылар санын тиісті түрде шектеу туралы өтініш алған. Атап айтқанда, министр жапондық жетекші авиакомпаниялар «Japan Airlines» және «All Nippon Airways» шетелден аптасына 3400-ден аз адам тасымалдауға келісті.
5 наурыздан бастап Жапонияда краантин шектеулері күшейтіліп, 13 мемлекеттің азаматтарына ел аумағына кіру ережелері өзгерді. Ресми құжатта: «Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция, Франция азаматтары үшін Жапония аумағына кіру ережелері өзгертілді. Туристер елге кіргеннен кейін үш күн ішінде карантиндік мекемелерде болуы керек. Осыдан кейін олар коронавирусқа тест тапсыруы керек. Теріс нәтиже болған жағдайда екі апта оқшаулануы тиіс», – делінген.
Қазіргі уақытта елге тек жапон азаматтары және ұзақ мерзімді визалары бар шетелдіктер кіре алады. Шекарадан өткенде олар 72 сағат ішінде тапсырылған теріс нәтижелі ПТР тестін растайтын құжат болуы қажет. Әуежайға келген соң тағы бір мәрте тест тапсыруы тиіс. Содан кейін 14 күнге оқшауланады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы