Бүгін көктемдегі барша мереке атаулының бастауы – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні. Осы бір атаулы мереке, әсіресе еліміздегі жұртшылыққа нағыз көктем көңіл-күйін сыйлайды. Тіршіліктің түлеуіне жақын бұл мезгілде барлық әйел зәузатының шалқыған көңілі көктемнің хабаршысы секілді әр жүрекке жылу ұялатады.
Осы орайда «Қазақ Таймс» ұжымы атынан, Қазақстандағы және әлемдегі барлық әйелдер қауымын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Асыл аналарымыздың, аяулы әпке-қарындастарымыздың өмірлерінің шуақты нұрға толуын, әр күнінің мерекедей мерейлі болуын тілейміз! Сонымен бірге, сайтымыздың оқырманы болған қазақтың қаракөздерін, асыл аруларын және ақ жүректі барша оқырманымен бірге ұжымда қызмет еткен қыздарымыздың да мерекесіне құтты болсын айтамыз!