Пандемияға байланысты Италиядағы жергілікті сайлау кейінге қалдырылды Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 сәуір мен 15 маусым аралығында өтетін сайлау қыркүйекте Министрлер Кеңесінің отырысында ұйымдастырылады.
«Бұл шешім қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданды. Азаматтардың денсаулығы үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз қажет», – делінген Министрлер Кеңесі ұсынған құжатта.
Күзге қалдырылған жергілікті әкімшілік сайлау бірнеше қалада өтуі керек. Оған 20 млн итальяндық қатысады деен болжам бар. Былтыр пандемия өршіген тұста Италиядағы Парламент реформасы мен заң шығарушылар санын азайту туралы референдум сол жылдың қыркүйегіне шегерілген.
Италия президенті Серджо Маттарелла пандемиямен күресте Конте үкіметі жіберген қателіктерден кейін елде парламенттік сайлау өткізу туралы сөз қозғаған. Нәтижесінде ақпанда Марио Драги бастаған саяси коалиция негізінде жаңа үкімет құрылды. Елдегі дағдарыстың ушығуына себепкер «Италия Вива» партиясының лидері, экс-премьер Ренци оппозицияға өтіп, Контеге сенім білдірмейтінін айтқан. Партияның бұл шешімін демпартия өкілдері сынға алып, елдегі саяси дағдарыстың артуына себепкер ретінде айыптап отыр.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?