Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте «Италия Вива» партиясының билеуші коалициясынан шыққаннан кейін елде ірі саяси дағдарыс болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Осы аптада Конте бұл мәселе жөнінде мәлімдеме жасамақ.
«La Repubblica» басылымының мәліметінше, Конте мәлімдемесінен кейін шенеуніктер Үкіметке сенім білдіру бойынша дауыс береді. Осы аптада Коалициялық үкіметке кіретін «Италия Вива» партиясы Джузеппе Конте кабинетінен 2 министрін шығарып алатынын мәлімдеген. Салдарынан қазір үш партиядан құралған үкіметтік одақ парламенттегі басымдығынан айырылып, елде қайта сайлау өтуі мүмкін.
Партия жетекшісі Маттео Ренци болса кикілжіңге премьер-министр Джузеппе Контенінің экономикалық саясаты себеп дейді. Ол үкімет басшысының Еуроодақтың ел экономикасын қалпына келтіруге бөлген қаржысына қатысты саясаты дұрыс емес деп сынға алуда. Бірақ мәселені шешу үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін айтады.
Дағдарыстың ушығуына себепкер «Италия Вива» партиясының лидері, экс-премьер Ренци оппозицияға өтіп, Контеге сенім білдірмейтінін айтты. Партияның бұл шешімін демпартия өкілдері сынға алып, елдегі саяси дағдарыстың артуына себепкер ретінде айыптап отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел