Италия үкіметінің төрағасы Джузеппе Конте өз еркімен отставкаға кететінін жариялады. Бұл туралы Киджи үкімет сарайының баспасөз қызметі хабарлады.
ANSA агенттігіндегі мәлімдемеде: «Сейсенбі Министрлер Кеңесінің отырысы өтеді. Жиын кезінде Үкімет төрағасы Джузеппе Конте отставкаға кететінін жариялайды. Осыдан кейін ол тиісті мәлімдемені Республика президенті Серджо Маттареллаға жолдайды», – делінген.
Өткен аптада Коалициялық үкіметке кіретін «Италия Вива» партиясы Джузеппе Конте кабинетінен 2 министрін шығарып алатынын мәлімдеген. Салдарынан қазір үш партиядан құралған үкіметтік одақ парламенттегі басымдығынан айырылып, елде қайта сайлау өтуі мүмкін.
Партия жетекшісі Маттео Ренци болса кикілжіңге премьер-министр Джузеппе Контенінің экономикалық саясаты себеп дейді. Ол үкімет басшысының Еуроодақтың ел экономикасын қалпына келтіруге бөлген қаржысына қатысты саясаты дұрыс емес деп сынға алуда. Бірақ мәселені шешу үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін айтады.
Дағдарыстың ушығуына себепкер «Италия Вива» партиясының лидері, экс-премьер Ренци оппозицияға өтіп, Контеге сенім білдірмейтінін айтты. Партияның бұл шешімін демпартия өкілдері сынға алып, елдегі саяси дағдарыстың артуына себепкер ретінде айыптап отыр.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?