АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні ҚХР басшысы Ши Жинпиңге екі ел арасындағы сауда әріптестік қатынасында Қытай тарапына неғұрлым тиімді болған келісімдерді ұсынғанын айтты. Трамп бұл тиімділіктерді Қытайдың Солтүстік Кореядан келетін қатерлермен ортақ күресуіне айырбастайтынын да ашық айтты.
АҚШ президенті «The Wall Street Journal» басылымының сұхбатын қабылдаған кезде де, АҚШ-Қытай арасындағы сауда қатынасында Қытайдың валюта саясаты АҚШ-қа аз болмаған әурешіліктер тудырып келгенін, алайда, Қытай Солтүстік Кореяны ортақ тежеуге келіссе, жаңа келісімдерде бұл мәселені талап етіп қоймайтынын да айтты. АҚШ пен Қытай арасындағы шешімі қиын екі үлкен түйін – сауда селбестігіндегі теңсіздік және Солтүстік Корея мәселесі. Трамптың бұл сөзіне қарағанда АҚШ үшін сауда қарым-қатынасындағы тартқан зиянынан көрі, Солтүстік Кореядан келетін қауіптің салмағы басым деп шешкен. Сондықтан АҚШ таңдауы екі мәселенің біреуіне, яғни Солтүстік Корея мәселесін шешуді талдаған.
Өткен аптада аталған екі ел басшыларының тарихи кездесуінде Трамп: «АҚШ ағымдағы Қытай-АҚШ сауда келісімін жалғасты атқара алмайды. Егер Қытай жақ қажетті сауда шартына қол жеткізгісі келсе, онда Солтүстік Корея мәселесін шешуі керек. Бұл осыған дейін АҚШ-Қытай арасындағы біздің шығынымызды өтегенге ұқсас», – деген болатын.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер