АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған азаматтарды аза тұту 5 күнге жалғасады. Осыған байланысты АҚШ-тың федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілді.
Ел президенті Джо Байден тікелей эфирде: «Бүгін бізде өте қаралы, жанға батарлық кезең – 500 071 адам қайтыс болды. Пандемияның бір жылында ажал құшқан америкалықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғысты, Екінші дүниежүзілік соғысты және Вьетнам соғысын қоса алғандағы санға қарағанда – көп», – деді.
Сонымен қатар, Байден коронавирус індетінен көз жұмған Американың 500 мың халқын 1 минут үнсіздікпен еске алып, отандастарын әлдебір түсініспеушіліктерді кейінге қалдырып, пандемиямен бірлесіп күресуге шақырды.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 112 миллионнан асып, 2,47 миллион адам ажал құшқан. Қазір өлім-жітім санының 18%-дан астамы Америкада тіркелген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел