Германияның Мюнхен қаласында жыл сайынғы қауіпсіздік жөніндегі 57-ші халықаралық конференция өтті. Пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған жиында Қытай, Ресей және Таяу Шығыс өкілдері бой көрсетпеді.
Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен халықаралық конференциясы алғаш рет 1963 жылы өткен болатын. Бұл жолы басқосуға тек АҚШ, Германия, Франция башылары мен Еуроодақ және НАТО өкілдері қатысты.
Кездесуде коронавирус індеті, климаттың өзгеруі, лаңкестік сынды ғаламдық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жиында Еурокомиссия басшысы Урсула Фон Дер Ляйен климаттың өзгеруімен күресте Еуропа мен АҚШ-ты күш біріктіруге шақырды.
Урсула Фон Дер Ляйен мәлімдемесінде: «Біз цифрлық экономика үшін ортақ ережелер дайындап шығарумыз керек. Ол адам құқығы мен ашықтыққа негізделуі тиіс. Себебі алпауыт компаниялардың демократиямызға әсер ететін әрекеттерін бақылаусыз қалдыруға болмайды. Фейсбуктың Австралияға қатысты шешімі осының бір дәлелі», – деп атап өтті.
Еурокомиссия басшысының айтуынша, цифрлық нарықты дамыту саласында жаңа іс-әрекеттерді қолға алу қажет. Бұл ірі технологиялық компаниялардың ықпалын бақылауға көмектеседі.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес