15 ақпан, дүйсенді күні 58 мемлекет ортасында халықаралық аса маңызды құжатқа қол қойылды. «Ел мен ел арасындағы қатынасқа байланысты заңсыз ұстауға тыйым салу» (Declaration Against Arbitrary Detention in State-to-State Relations) деп аталатын құжат кейбір елдердің ортасындағы дипломатиялық қайшылыққа байланысты бір-бірінің азаматтарын ұстауға шектеу қоймақ. Құжатқа қол қойған елдер арасында АҚШ, Британия, Жапония, Аустралия және Канада қатарлы елдер де бар.
Бұндай бастаманы Канада көтерген. Канада СІМ басшысы Марк Гарнеу (Marc Garneau) бастаманы қолдаған елдерге алғысын білдірді және олармен әрқашанбірге екенін білдірді. Ол сондай-ақ, елдер арасындағы дипломатиялық қайшылыққа байланысты жеке тұлғаларды ұстау қазіргі заман сай емес азғындық тәжірибесі деп бағалаған.
Декларацияға қол қойған 58 ел бұл бастаманы жаһандық бет-бейнеде маңызы бар деп тапты. «Бұл тек бастамасы ғана. Енді біз осы халықаралық серпінді қалыптастыру мен қолдаудың және заңсыз ұстауды тоқтатудың сындарлы жолдарын табуға назар аударуымыз керек», – дейді Канада сыртқы істер министрі.
Айта кетейік, Канада мұндай бастаманы көтерерлік жөні бар. Бұдан бірер жыл бұрын Қытай мен Канада ортасында дипломатиялық қатынас салқындағанда, Қытайдағы бірқатар канадалық азаматтар ұсталған болатын.