Ұлыбританияда туристер үшін қатаң карантиндік ережелер күшіне енді. Бүгіннен бастап шетелден келген азаматтар екі рет ПТР тест тапсырады. Ал «қызыл» тізімдегі 33 елден келгендер бір жарым апта карантинге жатқызылады.
Осы уақытқа дейін елге кірер алдында барлық туристер үкіметтің веб-сайтындағы құжаттарды толтырып, 72 сағаттан кешіктірмей коронавирусқа тест тапсырған. Бұдан былай азаматтар оқшаулануға дейін және кейін екі мәрте тест тапсырады. Әуежайда ПТР-тесті болмаған азаматтарға 1 мың фунт стерлинг айыппұл салынады. Ал оқшаулану бітер кезде қайта тексеруден өтпегендер 2 мың фунт стерлинг төлеп, тағы 2 апатаға карантинге жабылады.
5 қаңтарда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрінің тез таралуына байланысты Ұлыбританияда жалпыұлттық локдаун енгізілген. Желтоқсанның аяғында Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі көптеген елде тіркелді. Мәліметтер бойынша, вирустың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді.
Бұл хабардан кейін бірнеше мемлекет Ұлыбританиямен әуе байланысын уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Канада, Еуропаның бірөатар елдері және Латын Америкасы бар. Сонымен қатар Франция барыс-келістің барлық түріне, ал Бельгия Ұлыбританиямен теміржол қатынасына тыйым салды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді