Бірққатар мемлекеттер Беларусь азаматтық қоғамына қаржылай қолдеу көрсетуді бастады. Бүгін Канада үкіметі Беларусь азаматтық қоғамын қолдауға 1,76 миллион доллар бөлмек. Бұл туралы Канада СІМ басшысы Марк Гарноның мәлімдемесінде айтылған.
Мәлімдемеде: «Бөлінген қаражат өз құқықтары мен азаматтық бостандықтарын қорғайтын Беларусь азаматтық қоғамының тұрақтылығы мен тиімділігін нығайтуға көмектеседі. Бұл қаражат, атап айтқанда, тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға жұмсалады», – делінген.
Өткен аптада Германия СІМ Беларусь оппозициясын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Осы мақсатта Германия билігі Беларусь оппозициясының өкілдеріне виза алу ережелерін жеңілдетті. Визалық режимді жеңілдету ең алдымен «билік тарапынан азапталған, қудаланған адамдар мен олардың жақын туыстарына» қатысты.
9 тамыз Беларусьте президенттік сайлау өтті. Сол күні ОСК Александр Лукашенконың 80,10% дауыс жинап, жеңіске жеткенін хабарлады. Сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартқан Светлана Тихановская кандидат ретінде 10,12% дауыс жинаған.
Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін елде жаппай наразылық акциялары басталды. Ірі қақтығыстар кезінде полиция шеруге шыққандарға қарсы оқ атып, күшпен басып-жаншуға тырысты. Қазір Беларусьте жергілікті наразылық акциялары әлі де жалғасуда.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді