Беларусьте тәуелсіз ұйымдарды тінту мен журналистерді қамау әлі де жалғасып жатыр. Осы аптада «Беларусь халық шебі» оппозициялық партиясының төрағасы Григорий Костусев пен танымал саясаттанушы Александр Федута ұсталды.
Беларусь ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандарға қандай айып тағылғанын әзірге жариялаған жоқ. Елді ұзақ мерзім басқарып отырған президент Александр Лукашенконы сынап жүрген Мәскеуде медиакеңесші болып істейтін саясаттанушы Александр Федута 12 сәуірде хабарсыз кеткен.
Бұған дейін Беларусьте полиция тәуелсіз журналистер пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізген. Тінту елдің барлық облыс орталықтарында – Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда басталған. Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған. Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр. Соңғы айларда наразылардың қарасы едәуір сиреген. Полиция жаппай наразылықты аяусыз басып-жаншып, көбін ұстаған. 27 наурызда жыл басынан бергі ең ірі наразылық кезінде 200-ден астам адам ұсталған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді