Беларусьте билік саясатына қарсы өткен митингте 200-ден астам адам ұсталды.
ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова «полиция тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы бірнеше рет ескертулерге қарамастан, азаматтар шеруге қатысты» дейді.
Минск пен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып жатыр. Наразылар президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы сайлаудың жеңімпазы деп атаған. Батыс елдері Лукашенконың жеңісін мойындамады, өткен аптада ЕҚЫҰ Минскіні елде халықаралық стандартқа сай қайта президент сайлауын өткізуге шақырған. Еуроодақ Лукашенко мен айналасындағы шенеуніктерге санкция салды.
Сонымен қатар, мұнда тәуелсіз ұйымдарды тінту мен журналистерді қамауға алу жиілеген. 17 ақпанда Беларусьте полиция ондаған журналист пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізген болатын. Тінту елдің барлық облыс орталықтарында – Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда таңертең басталған. Нәтижесінде, белгісіз себептермен екі адам қамауға алынған. Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған.
Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы