Apple корпорациясының негізін салушы Стив Джобс iPhone-ды алғаш 2007 жылы таныстырған болатын. Сол кезден бері телефондар көлемі мен дизайнынан бастап қосымашаларын, retina дисплейін, Siri және басқа да мүмкіндіктерін бірнеше мәрте өзгертіп, дамытқан болатын. Сонымен қатар, телефондар су өткізбейтін деңгейге жетіп, құлақшындарының сымдарын да жоғалып кетті. Енді өткен шаққа бір саяхат жасап, назарларыңызға iPhone-ның 10 жыл ішіндегі эволюциясын ұсынамыз.
2007 жыл
Apple корпорациясы өзінің алғашқы телефондарын жарыққа шығарды. 10 жыл бұрынғы iPhone-да App Store, 3G және көшіріп-қою функциялары да болмаған екен.
2008 жыл
iPhone барлық бәсекелестерін қуып жетіп, 3G интернетті іске қосты. 3G мен қоса App Store да пайда болды. Бұл жылы қара және ақ түсті болып шығарылып тұрды. Бірақ әлі де көшіріп-қою функциясы болмаған.
2009 жыл
S-нұсқасының ең алғашқылары болып iPhone 3GS телефондары шығарыла бастады. Тек үшінші жылы көшіріп-қою функциясы енгізіліп, App store-дағы ойындардың саудасы жақсы жүре бастайды.
2010 жыл
iPhone 4 айтарлықтай жаңалықтарымен нарықты жаулап алды. Сыртқы антенна, жетілдірілген камера, селфи-камера, тік-төртбұрыш дизайн, қалың retina экрандары, бейненің анықтығы және басқа да жаңалықтарымен қолданушыларды қуантқан болатын. Бірақ кейіннен сыртқы антенналарынан ақау шыққан еді.
2011 жыл
iPhone 4S - iPhone 4-тің жаңартылған нұсқасы болатын. Антенна дизайны мен хабар қабылдағыштарындағы қателіктер түзетіліп, едәуір жылдам әрі оңай ақпарат алуға мүмкіндік туды. Осы жылғы телефондарға дауыс арқылы басқарылатын жасанды интеллект қызметі де қосылды.
2012 жыл
Samsung пен НТС компанияларымен бәсекелестікке төтеп беріп, iPhone 5 сматфондарының экрандарының көлемін 4 дюмге дейін үлкейтті. Және де қуаттағыштарын кез-келген бетінен қолдануға мүмкіндік беретін жаңалығымен есте қалды.
2013 жыл
iPhone 5S - iPhone 5-тің жылдам жұмыс істейтін нұсқасы болатын. Оның тағы бір ерекшелігі - ID сканер.
Осы жылы Apple корпорациясының тарихында алғаш рет екінші жаңа iPhone: iPhone 5C нарыққа шықты. Дизайны ашық, қанық түстерге боялған телефондар iPhone 5S-тің қолжетімді нұсқасы ретінде шығарыла бастады.
2014 жыл
В iPhone 6 гаджеттерінің дизайны айтарлықтай өзгерді. Көлемі мен экраны (4,7 дюмге дейін) үлкейіп, пішіні сәл домаланған әрі металл жабынмен қапталды.
Бұл жыл да корпорация үшін тағы бір жаңалық алып келді - iPhone 6 Plus. iOS қолданушылары үшін 5,5 дюм экраны мен оптикалық тұрақтандырғышы бар жетілдірілген камерасымен шығарылды.
2015 жыл
Экранды басқан кездегі күшті бақылайтын 3D Touch техналогиясымен жабдықталған iPhone 6-ның S-жетілдірілген нұсқасына Taptic Engine дискісі орнатылды. Және дизайнына өзгерістер енгізіліп, күлгін нұсқалары да шығарыла бастады.
iPhone 6S Plus сериясында да 3D Touch болды. Сонымен қатар бұл телефондар айфонның тарихындағы қуатты ең ұзақ сақтайтындардың бірі болып табылады.
2016 жыл
Бұл жылы корпорация iPhone 7-ні шығарғанынан бөлек ерекше жаңалығымен көзге түсті. Apple iPhone 5S-ті iPhone SE деген атаумен сата бастады. Экранының диагоналі 4 және корпусы 5S бола тұра, iPhone 6-дан Touch ID мен iPhone 6S-тің камерасы және процессорымен жабдықталған ескі телефонның жетілдірілген нұсқасы ретінде шығарылды.
iPhone 7 - жаңа гаджеттердің тарихындағы сымсыз құлақшынымен және су өткізбейтін дисплейімен ерекшеленеді. Ал камерасы соңғы үлгідегі фотоаппараттардан еш қалыспайды.
Өзінен сәл кішкене туысқанынан iPhone 7 Plus дизайны жағынан аса қатты ерекшеленбейді. Артқы панелінде екі еселенген оптикалық зумы бар екі камерасы бар.
“The Qazaq Times”