Жапонияда коронавирустың британиялық штамын жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді.
Вирусты Сайтама мен Токио қаласында тұратын 40 пен 60 жас аралығындағы 5 адам жұқтырып алған. Науқастардың барлығы анықтала салысымен ауруханаға жеткізілген. Күншығыс елінде британиялық штамм алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. Қазір Жапонияда британиялық штамды жұқтырғандар саны 64-ке жеткен.
Желтоқсанның аяғында Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі Нидерланд, Дания және Австралияда да тіркелді.
Мәліметтер бойынша, вирустың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Вирустың басқа мутациясының табылғанын Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі де хабарлады. Оның да таралу қарқыны жоғары.
20 желтоқсанда Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда төртінші деңгейлі локдаун енгізген. Қатаңдатылған карантин кезінде Рождество мерекесіне байланысты қоғамдық іс-шараларға рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен дәмханалар ашылмайды. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні