Жапониядағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты аймақта үшінші мәрте төтенше жағдай режимі жарияланды. Елдің төрт префектурасындағы қатаң карантин 11 мамырға дейін жалғасады.
Олардың арасында Токио, Осака, Киото мен Хиого префектуралары бар. Билік өкілдері сәуірдің соңында басталатын мерекеден кейін аймақтағы жағдай одан бетер күрделеніп кетуі мүмкін дейді. Жаңа шектеу шараларына сәйкес дәмханалар, сауда орындары, саябақтар, театр мен мұражай жұмыстары шектелетін болады. Қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты да қысқартылады. Ал студенттер онлайн оқу форматына көшеді.
Өткен айдан бастап он үш елге Жапония аумағына кіру ережелері қатаңдатылған болатын. Ресми құжатта: «Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция, Франция азаматтары үшін Жапония аумағына кіру ережелері өзгертілді. Туристер елге кіргеннен кейін үш күн ішінде карантиндік мекемелерде болуы керек. Осыдан кейін олар коронавирусқа тест тапсыруы керек. Теріс нәтиже болған жағдайда екі апта оқшаулануы тиіс», – делінген. Елде төтенше режим жойылғаннан кейін де Жапония билігі шетелдіктерге виза беру ережелерін жеңілдетпейді.
Бүгінге дейін елде коронавирустың 564 мың кейсі тіркелген. Науқастардың басым бөлігі коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар. Әсіресе «британдық және бразилиялық штам» жұқтырғандар саны көп.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні