Сенаттағы республикашылдардың басым бөлігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауға қарсы шығып, демократтар ұсынысының қолдау таппайтынын көрсетті. Кейіннен Трамп Конгрестегі өкілдер палатасындағы республикалық партия лидері Кевин Маккартимен кездесу өткізді.

Қарашада Трамп құрған «Save America» саяси жағдайлар комитеті (Political Action Committee) кездесу барысында республикалықтардың үстемдігін арттыру тақырыбы сөз болды дейді. Республикалық партия көшбасшысы Маккартидің бастамасымен өткен кездесу келер жылы өтетін Конгресаралық сайлауда Төменгі палатадағы республикалық партияның өкілдерін тарту мәселесіне арналған.

Экс-президент өзінің партия мүшелеріне қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 3 қарашада АҚШ-та өткен жалпы сайлаудың нәтижелері бойынша демократтар Конгресс Сенатында көпшілік дауыс алды, сонымен қатар өкілдер палатасындағы бақылауды сақтап қалды.

Маккарти бұған дейін Трамптың импичментіне қарсы шығып, бұл процесті қате деп атаған болатын. Оның айтуынша, мұндай қадам АҚШ қоғамын екіге бөледі.

Сейсенбіде АҚШ сенатында Дональд Трампқа импичмент жариялау бойынша сот процесін жалғастыру мәселесі дауысқа салынды. Сенаторлардың басым бөлігі (55-і қолдап, 45-і қарсы дауыс берген) процесті бастауды қолдаса да, республикашылдардың көбі бұрынғы президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға қарсы болған. Дауыс беру нәтижесі Трампты «тәртіпсіздікке итермеледі» деп айыптаған демократтардың ұсынысы Сенатта қолдау таппайтынын көрсетті.

Трампқа импичмент жариялау туралы қарарды Өкілдер палатасы 13 қаңтарда қабылдады. Ал 25 қаңтарда конгрессмендер құжатты Сенатқа тапсырды. Айыптаудың бір бабы – наразылық шерулерін ұйымдастырып, бүлікке итермелеу. Импичмент рәсімі Трамптың 6 қаңтарда жасаған мәлімдемелеріне байланысты басталды. Сол күні Вашингтонда оны қолдау үшін мыңдаған демонстранттар Конгреске кіріп, президент сайлауының нәтижелерін жариялауға жол бермеуге тырысты.

"The Qazaq Times"