Кеше АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Ллойд Дж.Остин кеше, 27 қаңтар үндістандық әріптесі Раджнат Сиңхқа қоңырау шалып, Үнді-Тынық мұхиты аймағының ашықтығы мен тұрақтылығы үшін ынтымақтастықты тіпті де тереңдете түсуге келісті. Бұл туралы Пентагон ақпарат құралдарына жазбаша мәлімдеме таратқан.
АҚШ Қорғаныс департаментінің хабарына қарағанда, Остин мен Сингх барған сайын дамып келе жатқан «АҚШ-Үндістан қорғаныс серіктестігінің» мазмұнын барған сайын кеңейтіп, өңірдің тұрақтылығына қажетті ең негізгі мәселелерде ынтымақтастықты тіпті де дамыта түсетіндерін айтқан. Сондай-ақ, екі ел Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы (ҮТМА) мүдделерін ортақтастыруға тырысады.
Ал, India Today басылымының хабарында, Үндістан үкіметі Байден үкіметінің жаңа құрамын қызметімен құттықтап екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы ұсыныстарын білдірген. Үндістан қорғаныс министрі Сиңх өзінің әлеуметтік желі парақшасында: «Біз Үндістан мен АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге деген міндеттеріміздің бар екенін растаймыз. Біз екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайту үшін аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір бірлігіне келдік», – деп жазған.
АҚШ Қорғаныс департаментінің жаңа жетекшісі бұған дейін Оңтүстік Корея, Жапония және Аустралиядағы әріптестерімен сөйлескен еді. Бұған қарап Байден биілігі өзінің Қытайға қаратқан саясатын жария етуден бұрын Қытайды қоршап тұрған ҮТМА-дағы одақтары мен серіктерінің пікірлерін біліп, ортақ мүдделерді қарастырып жатыр деуге болады.